15-27 маусым аралығында №14 жалпы орта білім беретін мектепте «Успех» мектеп жанындағы жазғы лагерінің 2-маусымы өтті. 2-маусым барысында балалар әртүрлі іс-шараларға қатысып, мәдени орындарды аралады, соның арқасында олар көптеген жаңа әрі қызықты мәліметтерге қанық болды.
17 маусымда 4-ші отрядтың балалары Жеңіс саябағына барды. Экскурсия өте қызықты өтті, балалар саябақтың неге бұлай аталатынын және Мәңгілік алаудың не себепті жанып тұратынын білді. Ең қызықты сәт — әскери техника алаңы болды! Балалар техниканы үлкен қызығушылықпен тамашалады. Т-34 танкі өте үлкен болып шықты. Балалар танк пен зеңбіректің жанында суретке түсіп, өздерін танкист ретінде елестетті. Отрядтың түйген басты ойы: «Соғыс — сұрапыл! Ал бейбітшілік — керемет! Жеңіс үшін ата-бабаларымызға алғыс айтамыз!»