15-27 маусым аралығында №14 жалпы орта білім беретін мектепте «Успех» мектеп жанындағы жазғы лагерінің 2-маусымы өтті. 2-маусым барысында балалар әртүрлі іс-шараларға қатысып, мәдени орындарды аралады, соның арқасында олар көптеген жаңа әрі қызықты мәліметтерге қанық болды.
«Арман» кинотеатрына барып, «Үш батыр: ерліксіз күн жоқ» («Три богатыря, ни дня без подвига») мультфильмін тамашаладық.
​Киноға бару балалар үшін қызықты әрі есте қаларлық оқиғаға айналып, оларға жарқын әсерлер мен жағымды эмоциялар сыйлады.
​Мультфильмді көру барысында балалар оқиға желісін үлкен қызығушылықпен бақылап, басты кейіпкерлерге жанкүйер болды, олардың іс-әрекеттерін талқылап, кейіннен өз әсерлерімен белсенді бөлісті.
​Мультфильм балаларға достық, өзара көмек, батылдық, адалдық, жауапкершілік, Отанға деген сүйіспеншілік және қиын жағдайға тап болғандарға көмекке келуге дайын болу сияқты адамгершілік құндылықтарды түсінікті әрі қызықты түрде таныстырды. Кейіпкерлер өз үлгілерімен нағыз күш тек ержүректілікте ғана емес, сонымен қатар мейірімділікте, әділдікте, бірлесіп әрекет ете білуде және дұрыс шешім қабылдауда екенін көрсетті.