Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт
5 қазанда №14 негізгі орта мектебінде тамаша мереке — Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт өтті!
Бұл күні сахнада оқушылар мен ұстаздар өнер көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй, жарқын эмоциялар мен қуанышты сәттер сыйлады.
Әндер шырқалып, өлеңдер оқылып, шәкірттер өздерінің ыстық лебіздері мен алғыстарын білдірді.
Құрметті ұстаздар, мерекелеріңіз құтты болсын! Еңбектеріңіз, сабырлылықтарыңыз бен балаларға деген сүйіспеншіліктеріңіз үшін алғысымыз шексіз!
View the embedded image gallery online at:
https://mektep14.edu.kz/kz/zhanaly-tar/2134-stazdar-k-nine-arnal-an-merekelik-kontsert.html#sigFreeIdd7c0fb062d
https://mektep14.edu.kz/kz/zhanaly-tar/2134-stazdar-k-nine-arnal-an-merekelik-kontsert.html#sigFreeIdd7c0fb062d
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің №14 негізгі орта мектебі" КММ






















