2019 жылдың 7 қарашада біздің мектептің акт залында М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің өкілдері 7-9 сынып оқушылары үшін А.С.Попов атындағы Одесса ұлттық байланыс академиясының проректорымен әзірленген «Интернет ресурстарын қауіпсіз пайдалану» бағдарламасы тақырыбы бойынша семинар өткізді. М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің студенті Даниал Болатұлы Мнайдаров семинарды жүргізді. Интернет қауіпсіздігі бойынша семинарды өткізудің мақсаты-білім алушылар мен тәрбиеленушілердің Интернет ортасында жауапты және қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыру арқылы ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Виртуалды кеңістік саласында жаңа технологиялардың дамуына, оның ішінде Интернет желісінің таралуына байланысты кәмелетке толмағандардың күмәнді мазмұндағы ақпаратқа қол жеткізуіне және жалпы қабылданған этикаға қайшы келетін проблема туындады. Аталған семинар балаларда қазіргі ақпараттық — телекоммуникациялық ортада жауапты және қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыруға және ақпараттық қауіпсіздік мәселелерінде сауаттылықты арттыруға ықпал етеді
https://mektep14.edu.kz/kz/zhanaly-tar/222-internet-resurstaryn-auipsiz-pajdalanu.html#sigFreeId2b6e1692d2