2019 жылы 10 желтоқсанда «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №14 негізгі жалпы білім беретін мектеп» ММ базасында математика, информатика және физика пәндерініің мұғалімдері үшін: «Жаңартылған білімді енгізу және жүзеге асыру жағдайында педагогтың инновациялық қызметі» тақырыбына қалалық семинар өтті. Семинарда білім бөлімінің өкілі А.Ж.Досанова қатысты. Семинар үш модульден тұрды: бірінші- теориялық модуль, директордың АКТ жөніндегі орынбасары Козка Ә.Қ., педагогтың инновациялық қызметін және семинар өткізудің өзектілігін атап кетті және презентациямен қоса баяндама ұсынды. Екінші – тәжірибелік, семинар қатысушылары, АКТ пайдалануымен жаңартылған білім мазмұны бойынша жұмыс жасайтын математика, информатика және физика сабақтарына қатысты. Үшінші модуль рефлексиялық бөлімнен тұрды, оны мектептің жантанушысы О.В.Чиржова дайынған. Семинар қатысушыларымен рефлексия жүргізілді, сонымен қатар олар аталған іс-шараның өтілуі бойынша өз пікірлерімен бөлісуге мүмкіндік болды.
https://mektep14.edu.kz/kz/zhanaly-tar/223-pedagogty-innovatsiyaly-yzmeti-alaly-seminary.html#sigFreeId8b575fc4ee