26 желтоқсан 2019 жылы мектеп базасында биология және химия мұғалімдерінің қалалық отырысы өтті. Отырыстың мақсаты білім беру мазмұнын жаңарту аясында белсенді жұмыс түрлері мен әдістерін қолдану бойынша биология және химия мұғалімдерінің жұмыс тәжірибесін тарату.

Биология және химия мұғалімдерінің қалалық отырысы аясында бағдарламаға сәйкес келесі баяндамалар ұсынылды:

  • Жаңартылған білім беру мазмұнының аясында химия сабақтарында жұмыстың белсенді формалары мен әдістері» (Цюпай Е. С.);
  • «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы жаратылыстану сабақтарында жаңа тәсілдер» (Ефремова Н. И.);
  • «Белсенді формалар мен әдістер арқылы жаңартылған білім беру мазмұны аясында биология сабақтарында инклюзивті білім беруді іске асыру» (О. М. Даниленко).

Практикалық бөлімде мұғалімдер үшін коучинг ұйымдастырылды, ол жемісті өтті. Коучинг барысында алған ақпаратты мұғалімдер өз сабақтарында пайдалана алады.