№14 ОМ «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты жыл сайынғы Республикалық өзін-өзі тану онкүндігі өтуде. Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері Аленов Е.К., Крамаренко Е.В. іс-шаралар жоспарын құрды. Дәстүр бойынша онкүндіктің салтанатты ашылуы болып, мектеп директоры Әленов Есентас Құбекұлы сөз сөйлеп, зияткерлік білім ғана емес, адамгершілік, рухани тәрбие алудың маңыздылығына тоқталды.

✒️"Руханияттың хрусталь бұлағы" атты балалар шығармашылығының көрмесі де безендірілді.

✒️Мектеп кітапханасында «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы авторының қызметі туралы кітап көрмесі ұйымдастырылды.

✒️Оқушылардың жалпы адамзаттық құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту мақсатында.

✒️ 1-9 сынып оқушылары «Мен және менің үй жануарым» атты фотокөрмеге қатысты.

✒️ Сынып жетекшілері рухани-адамгершілік тақырыптарда сынып сағаттарын өткізді. Сыныптан тыс жұмыстарды өткізу кезінде сынып жетекшілері әртүрлі формаларды пайдаланады: викториналар, диспуттар, рефлексиялар, ойын кітапханалары ...

✒️Мерекелік онкүндік көптеген жағымды эмоциялар мен әсерлер қалдырады.