2022 жылғы 3 мамырда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының"Қостанай қаласы білім бөлімінің №14 негізгі орта мектебі"КММ базасында көркем еңбек мұғалімдерінің білім сапасын арттыру құралы ретінде Заманауи технологияларды қолдану қажеттілігі мен мүмкіндігін ұғыну мақсатында "Инновациялық технологиялар арқылы білім беру сапасына"тақырыбында көркем еңбек мұғалімдері ӘБ қалалық отырысы өтті.
Отырыста № 14 ЖББОМ КММ педагогтары Жеребцова Вероника Александровна және Слесаренко Татьяна Иосифовна өз тәжірибелерімен бөлісіп, ашық сабақтар өткізді.
Слесаренко Татьяна Иосифовна - "Очумелые ручки" үйірмесінің жетекшісі "аппликация жасау-кинусайга" тақырыбында сабақ өткізді.
"Түрлі - түсті алақандар" үйірмесінің жетекшісі Жеребцова Вероника Александровна "дәстүрлі емес техникада мамыргүл бұтақтарын салу"тақырыбында сабақ өткізді.
Отырыс қорытындысы бойынша сурет салудың дәстүрлі емес техникалары бойынша арт-тренинг өтті, онда қаланың әртүрлі мектептерінің педагогтары белсенді қатысып, өз қиялдарын көрсетті.