2022 жылдың 8 маусымында мектептің салтанатты залында 9 сынып түлектеріне аттестаттарды тапсыруға арналған салтанатты рәсім өтті.

Рәсімді мектеп директоры Аленов Есентас Көбекұлы ашып, тоғызыншы сынып оқушыларына Ақ жол тілеп, оқудағы, спорттағы жетістіктері, белсенді өмірлік ұстанымы үшін аттестаттар, алғыс хаттар мен грамоталар табыс етті.

 Сондай-ақ, түлектер мен олардың ата-аналары барлық мұғалімдерге балаларды оқыту мен тәрбиелеуге қосқан үлестері үшін алғыстарын білдірді.

Аттестаттарды салтанатты тапсыру соңында мектептің педагогикалық құрамымен түлектерді жалпы естелік суретке түсіру өтті.

 Барлық түлектерді аттестат алуымен құттықтаймыз!